Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қызы, «Жандану әлемі» қайырымдылық қорының құрылтайшысы Әлия Назарбаева коронавирусқа қарсы екпе салдыртты. Бұл туралы ол Іnstagram парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оның айтуынша, вакцина туралы әртүрлі пікір бар. Соған қарамастан ол әркім шешімді өзі қабылдауы керек деп есептейді.
— Демалыста жүріп, Қытай вакцинасын еккіздім. Өзімді қалыпты сезінемін. Бірақ денсаулықтың басты кепілі — белсенді өмір салтын ұстану және кез келген жағдайда көңілді жүру, – деп жазды Әлия Назарбаева өзінің Instagram парақшасында.