Биыл 23 миллион гектар алқаптың шамамен 16 миллион гектарына астық егіледі, деп хабарлайды Egemen.kz
3 миллион гектар жерге майлы дақылдар себіледі. Биыл әсіресе, әлеуметтік маңызға ие дақылдарға басымдық беріледі. Атап айтсақ, қант қызылшасы, құрақұмық жармасы, күнбағыс өсімдігі көптеп егіледі. Жергілікті атқарушы орган өкілдеріне құрақұмық, картоптың алқабын ұлғайту ұсынылған. Осы арқылы ішкі сұранысты қамту көзделіп отыр.
Ауыл шаруашылығы өкілдерінің айтуынша, биыл құрғақшылық болуы мүмкін. Су тапшы болуы ықтимал. Себебі көрші елдердің су қоймасында су деңгейі аз.