• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Әлем 30 Наурыз, 2021

Танзания президентімен қоштасу рәсімінде 45 адам көз жұмды

6335 рет
көрсетілді

Танзания президенті Джон Магуфулиді жерлеу рәсімінде адамдар стадионға бекітілген жолдан айналып өтпекші болған, деп хабарлайды Egemen.kz

Тұрғындар қоштасу рәсімі өткен Дар-эс-Саламе қаласындағы стадионға бекітілген жолдан айналып өтуге тырысқанымен, 35 адам түрлі жарақат алып, 45-і оқиға орнында көз жұмды. Магуфулиді жерлеу рәсімі 26 наурызда Танзанияның солтүстік-батысындағы Чато қаласында өтті.

Қайтыс болған мемлекет басшысымен қоштасу рәсімі бүкіл елде алты күн бойы өтеді. Дар-эс-Саламе қаласындағы стадионда оқиғалардан кейін билік арнайы қауіпсіздік шараларын қабылдады. Джон Магуфули 17 наурызда 61 жасына қараған шағында Дар-эс-Саламның ауруханасында жан тәсілім етті.

Айта кетейік, індет басталған шақта Магуфули Танзаниядағы коронавирустың бар екеніне күмән келтіріп, аурудан қорғану үшін дұға ету керектігін айтқан еді. Маусым айында ол елінің коронавирусты «Құдайдың рақымымен» жеңгенін мәлімдеді.