• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Футбол 31 Наурыз, 2021

Өзбекстан жастарынан жеңілді

1079 рет
көрсетілді

Түркияның Анталия қаласында өткен футболдан Antalya Cup 2021 халық­аралық турнирінде бақ сынаған Қазақ­станның жастар құрамасы (U-21) соңғы турда Өзбекстан футболшыларынан жеңіліп қалды.

24-29 наурыз аралығында ұйымдас­тырылған турнирде Қайрат Нұрдәулетов шәкірттері үш ойын өткізді. Қазақстан құрамасы алғашқы кездесуде Солтүстік Македония жастарын 2:1 есебімен жеңсе, кейінгі матчта болгариялық құрдастарынан жеңіліп қалды. Қорытынды есеп – 3:1. Біздің жігіттер жарыстағы соңғы ойынын өздерінен екі жас үлкен Өзбекстанның олимпиадалық құрамасымен (U-23)  өткізіп, 0:2 есебімен ұтылды. Жерлестеріміз екінші голды да екі таймның соңғы минуттарында өткізіп алды.

Енді Қазақстанның U-21 құрамасы жастар арасындағы 2023 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турниріне дайындалады. Алғашқы кездесуін маусымның 4-і күні Бельгия құрамасымен өткізеді.