• RUB:
    4.62
  • USD:
    499.51
  • EUR:
    525.83
Басты сайтқа өту
Аймақтар 31 Наурыз, 2021

Петропавл тұрғынынан 568 доза есірткі тәркіленді

201 рет
көрсетілді

Петропавлдық полицейлер есірткі саудасын ұйымдастырған күдіктіден 560-тан астам доза есірткі алды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Еш жерде жұмыс істемейтін 29 жастағы петропавлдық полицейлердің назарына үш ай бұрын іліккен. Жедел уәкілдер осы уақыт аралығында жас жігіттің есірткі сатуға қатысы бар-жоғын анықтау үшін ауқымды жұмыстар жүргізді. 24 наурыз күні Петропавл қаласының ПБ ЕҚҚІБ қызметкерлері оны тұрғылықты мекенжайында ұстады. Пәтерден өсімдік тектес заттар салынған пакеттер мен орамалар алынды. Сараптама қорытындысына сәйкес алынған заттар – марихуана және гашиш болып табылады.

Одан 1,5 келіден астам марихуана, 870 грамм гашиш, 3 ұялы телефон, ақша қаражаттары мен банк карталары алынды. Сол күні аталған азаматтан кішігірім партиялармен есірткі сатып алып, қала көшелерінде саудалаған оның 24-26 жас аралығындағы төрт сыбайласы ұсталды.

Есірткі сатуды ұйымдастырды деген күдікпен ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды. ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабымен (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. –

Талайдың тағдырын тәлкекке салатын уды күдіктінің өзі татып көрмеген. Күдіктіні ұстаумен қатар, оны тарату тізбегін анықтау маңызды болды. Есірткі сатқаны үшін 20 жыл мерзімге дейін бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жауапкершілік қарастырылатынын еске саламыз, – дейді Петропавл қаласының ПБ бастығы Жандос Мұқатов.