Орал қаласында 6 адам табиғи газдан уланып, ауруханаға жеткізілді. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға 31 наурыз күні таңмен Мәскеу көшесі 43-мекенжайында болды, деп хабарлайды Egemen.kz
Сағат 09:24-те жедел жәрдем шақырылып, бригада 5 минуттан кейін жетті. 39 жастағы әйел 11 жасар қызы, 5 жасар және бір жасқа толмаған ұлдарымен орта дәрежелі табиғи газдан уланған. Балалар анасымен бірге облыстық көпбейінді балалар ауруханасына апарылды.
Сондай-ақ орта дәрежелі табиғи газдан уланған 65 жастағы ер және 64 жастағы әйел адам қалалық көпбейінді ауруханаға жеткізілді.