• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 01 Сәуір, 2021

Атырауда коронавирус инфекциясының өршуіне не себеп болды?

619 рет
көрсетілді

Облыстың бас мемлекеттік санитар дәрігері Мәдениет Танауов коронавирус инфекциясы өршуінің бірнеше себебін атады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бас санитар дәрігердің мәліметіне сүйенсек, қауіпті вирус науқаспен жақын қарым-қатынаста болудан 22,5%, қоғамдық көлікте жүрумен байланысты 7,2%, адамдар көп жиналатын орындарға барғаннан 26,9% артқан. Ал вахталық кенттерде жұмыс істейтіндер арасында, тұратын жерінде жұқтыру 43% құрап отыр.

«Жыл басынан бері 6546 рейдтік тексеру өткізіліп, 27296 нысан қамтылды. Мониторингтік топтар 213 құқық бұзушылықты анықтады. Ал наурызда анықталған 64 бұзушылыққа қатысты шағын және орта бизнес нысандарына, жеке тұлғаларға 3 млн 853 мың теңгенің 49 айыппұлы салынды. Бұл айда адамдардың отбасылық шараларға көптеп қатысуынан коронавирус инфекциясы 18 пайыздан 26,9 пайызға жоғарылады», дейді Мәдениет Танауов.

Осыған орай облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов сақтық шараларын күшейтіп, бақылауды күшейтуді тапсырды.

«Жағдайды қатаң бақылауда ұстау керек. Қажет болған жағдайда белгіленге алгоритмге сай сақтық шараларын күшейтуді тапсырамын. Әрине, өндірісті, шағын және орта бизнесті өркендету қажет. Алайда адам денсаулығы басты орында екені басты назарда болғаны жөн», деді Махамбет Досмұхамбетов.