Қазақстанда коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 1 сәуірдегі ақпарат жарияланды.
1 сәуірдегі мәлімет бойынша, 25 156 адам короновирус инфекциясынан (23 481 КВИ+ және 1 675 КВИ-) емделіп жатыр. Оның ішінде 8 590 пациент стационарда, 16 566 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
Коронавирусқа шалдыққандар арасында: 348 адамның жағдайы ауыр; 83 пациенттің жағдайы өте ауыр; 52 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
30 наурыз күні коронавирустан - 14 адам, коронавирус белгісі бар пневмониядан 4 науқас қайтыс болған.