• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Білім 01 Сәуір, 2021

Қостанай облысында мектептер аралас оқыту түріне көшеді

197 рет
көрсетілді

Қостанай облысында 5 сәуірден бастап мектептердегі барлық сыныптар оқытудың аралас форматына көшеді. Осыған орай, індетке қарсы күрес жөніндегі өңірлік жедел штаб білім беру мекемелері санитарлық қауіпсіздік шараларының сақталуын толық қамтамасыз етуі керек деген талап қойып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

1-сәуірден бастап облыстағы 300 балаға дейін оқытатын мектептер дәстүрлі түрде жұмыс істеуін жалғастырды.

Облыстық білім басқармасының басшысы З.Байменованың айтуынша, облыстың бас санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысына сәйкес, төртінші тоқсанда 114 мектеп 1 сәуірде үшінші тоқсан форматы бойынша жұмыс істей бастады. Ал 1-5, 9 және 11-сыныптар -  аралас форматта, 6, 7, 8, 10-сыныптар қашықтан оқиды. 5 сәуір күні 114 мектептегі 1-11 сыныптардың барлығы аралас оқыту түріне көшеді. Осылайша, 5 сәуірден бастап 80 мың бала, яғни мектеп оқушыларының  78%-ы аралас форматта оқитын болады.

Әр мектеп ауысым бойынша оқитын сыныптар санын, оқу кестесін және  қашықтан оқытылатын пәндер тізімін жеке белгілейді.