• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 01 Сәуір, 2021

Қ.Тоқаев азаматтарды екпе мәселесіне жауапкершілікпен қарауға шақырды

206 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы еліміздегі коронавирус індетіне байланысты эпидемиялық ахуал жөніндегі кеңесте қазақстандықтарды екпе мәселесіне жауапкершілікпен қарауға шақырды, деп хабарлайды Egemen.kz

«Азаматтарымызды екпе мәселесіне жауапкершілікпен қарап, түрлі қауесеттерден аулақ болуға шақырамын. Біз, ең алдымен, мына нәрсені түсінуіміз керек: халқымыздың денсаулығы мен материалдық игілігі жаппай вакцинациялауды табысты өткізуімізге байланысты», дейді Мемлекет басшысы.

Сонымен қатар Президент биыл қастерлі Тәуелсіздігімізге 30 жыл екенін айтып, бұл жыл пандемиямен күрестегі түбегейлі бетбұрыстың және коронавирустан біржола арылудың жылы болатынына кәміл сенетінін жеткізді.