• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 01 Сәуір, 2021

Үкімет мониторинг топтарының жұмысын ретке келтіруі тиіс - Мемлекет басшысы

324 рет
көрсетілді

Үкімет мониторинг топтарының жұмысын ретке келтіруі тиіс. Бұл туралы коронавирус індетіне қарсы іс-қимыл жөніндегі жиын барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды Egemen.kz

«Шектеулер мен одан кейінгі рейдтер күтілген нәтижеге қол жеткізбей әлеуметтік шиеленіске себеп болып отыр. Мониторинг топтарының жұмысы кейде іріктеумен, ашық емес сипатқа ие болып, бір мекемелер үнемі тексерілсе, кейбірі мүлдем тексерілмейді», деді Президент.

Бұл орайда Мемлекет басшысы прокуратура жанында рейд кезіндегі заң бұзушылықтарға шағым жасауға болатын колл-орталықтар жұмыс істеуі тиістігін баса айтты.

«Үкімет жанындағы ведмоствоаралық комиссия әкімдермен бірге мониторинг топтарының жұмысын ретке келтіруі тиіс», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.