• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 01 Сәуір, 2021

Анасының атына несие алып, сазға отырғызған ұл ұсталды

371 рет
көрсетілді

Петропавл қаласының әйел тұрғыны өз атына біреудің 60 мың теңгелік шағын несие ресімдеп, сазға отырғызып кеткенін айтып, полицияға шағынған. Полицияның күдігі оның 31 жастағы ұлына түседі. Есірткіге тәуелді жігіт бұрын мүліктік қылмыс жасағаны үшін істі болған. Әйелдің телефоны тек ұлына ғана қолжетімді, сондай-ақ ол анасының банк картасының пин-кодын білген. Сондықтан бірінші кезектегі күдікке сол жігітке ілігеді.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында оның қылмысқа қатыстылығы анықталды. Аталған факті бойынша Қылмыстық кодексінің 190-бабы -«Алаяқтықпен» іс қозғалып, Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары басталды. Күдіктіге қатысты міндетті келу түріндегі мәжбүрлеу шарасы тағайындалды. «Іштен шыққан жау жаман» деген осы болар.