Мұндай жағдайдың орын алуына тиісті органдардың «Сергек» базасына дер кезінде өзгерістер енгізбегендігі себеп болып отыр.
Бизнес өкілдерінен түскен өтініштер негізінде Алматы қаласының Кәсіпкерлер палатасы прокуратураға жүгініп, талдау жүргізуі барысында әкімшілік жауапкершілікке тартудың заңсыз деректері анықталған. Прокуратура жүргізген талдаудың арқасында «Сергек» аппараттық-бағдарламалық кешені автобус желісі бойынша маршруттық автобустардың қозғалысын тіркегенін, ол үшін автобус парктері жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке заңсыз тартылып отыр. Бұған қоғамдық жолақпен автобустардың жүруіне тиісті рұқсат мәліметтерінің тиісті органдар тарапынан «Сергек» базасына уақтылы енгізбегендігі себеп болды. Осы жағдайдың нәтижесінде 22 автобус паркіне 300 миллионға жуық айыппұл салынған.