Дәл осы жолдарды теріп жатқан кезімізде Алматыда 45 адам ауыр халде, жалпы реанимация және интенсивті терапия бөлімшелерінде дәрігерлер 152 сырқаттың өмірі үшін алысып жатыр. 1 сәуірдегі соңғы мәліметтерге сәйкес, 31 наурыз күні мегаполисте 515 адамның жаңадан індет жұқтырғаны анықталды. Бір тәулік ішінде КВИ-ді емдеуге арналған ауруханаларға – 317 науқас қабылданып, 248 адам отбасына оралды.
Алматыда індеттің өршуі жаңа штамдардың табылуымен байланысты екені дәлелденді. Бірақ қаланың эпидемиялық ахуалы айтарлықтай қиын болса да, алаңсыз жүрген халық көп. Оған қоса мегаполисте әлі де қоғамдық көліктердің жетіспеушілігі байқалады. Бұл автобустардағы адамдардың таңертең және кешкілік көліктерді сығылысып жұмысқа барып-қайтуға мәжбүрлеп отыр. Сондықтан сақтық шараларын күшейтудің көкейкестілігі сағат сайын артып келеді.
Өз кезегінде қалалық мобильділік басқармасы, Көлік холдингі мен құқық қорғау органдары қызметкерлерінен құралған мониторинг топтары жолаушылардың санитарлық ережелерді ұстануын бұрынғыдан да қатаң тексеруге көшті. Қаланың барлық маршруттарын кезекпен тексеру жоспарланған.
Бұған дейін қоғамдық көлікте тек Басқарма қызметкерлері рейд жұмыстарын жүргізіп, тек ескерту жасай алатын еді. Қазіргі мониторинг тобы санитарлық ережелерді бұзғандарға айыппұл салып, шара қолдануға құқылы.
Сонымен қатар қалада жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында кешенді іс-шаралар жүзеге асырылмақ. Жолаушылар ағымына қарай жүктемесі жоғары 28 бағыт бойынша қосымша автобустар шығарылып, жүру кестесі қайта қарастырылды. Соңғы аялдамаларда автобус салондарына дезинфекция жасалады. Сондай-ақ автобустар мен метрода маска тағу қажеттілігі туралы ақпараттық аудиохабарлама жасалады. Жүргізушілерге жұмыс уақытында міндетті түрде маска тағу, маскасыз жолаушыларды салонға кіргізбеу және қажет болған жағдайда түсіріп кету туралы тапсырма берілді. Көлік холдингі қызметкерлері де карантин кезінде санитарлық нормаларды бұзушыларға ескерту жасап, автобустан түсіру туралы тапсырма алды.
Алматылықтардың қажеттілігін толық өтеу үшін қалаға мыңға жуық автобус қажет екендігі мәлім. Бұл бағытта жұмыстар жалғасып жатыр. 2021 жылы коммуналдық автопаркке 150 жаңа газбен жүретін автобус жеткізілді. Жолаушылардың сұранысына қарай автобустардың бір бөлігі ескі автобустарды жаңалауға және маршруттарды күшейтуге, ал бір бөлігі жаңа маршруттар ашуға жіберілді. Жылдың аяғына дейін тасымалдаушылар екі жүзден аса автобус сатып алуды жоспарлап отыр.
«Өткен жылғы індет басталған кезеңмен салыстырғанда, былтыр шілде айында эпидемиялық ахуал шиеленісіп ең көп – 6 372 жағдай тіркелсе, сәуір айынан бастап жұқтыру деңгейі көбейе бастап, 969 адамның індет жұқтырғаны анықталған болатын. Екінші толқын 2020 жылдың қазан айында 366 жағдайдан басталып, биыл қаңтар айында 3 607 жағдайға жетті, ақпанда 2 366 жағдайға дейін аздап төмендегенімен, коронавирус инфекциясының мутацияланған штамдарының (оңтүстік африкалық, британдық) тіркелуіне байланысты үшінші толқын басталды», дейді Алматы қаласы Санитарлық-эпидемиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова.
Ауру жұқтырудың көбеюі, мутацияланған штамдардың анықталуына және оның инкубациялық кезеңінің қысқа болуы салдарынан барлық жас топтардың инфекция жұқтырғаны байқалады. Эпидемияның даму ырғағының соңғы 7 күнгі сипаттамасы: 23 наурызда – 380 жағдай, 24 наурызда – 341 жағдай, 25 наурызда – 330 жағдай, 26 наурызда – 450 жағдай, 27 наурызда – 510 жағдай, 28 наурызда – 415 жағдай, 29 наурызда – 545 жағдай, 30 наурызда – 526 жағдай, 31 наурызда – 515 жағдай және басқа да инфекцияның таралуының көбеюі тіркелді. Бұл – мутацияланған КВИ штамдарының жұғу көрсеткіштері жоғары екенін тағы да растайды. Сонымен қатар СЭБД деректері бойынша 20 наурыздан бастап қабылданған эпидемиялық жағдайды тұрақтандыру жөніндегі іс-шараларға бағалау жүргізілді, онда сауда нысандарында жұқтырғандардың үлес салмағы 3%-дан астам (23,7%-дан 20,5%-ға дейін), сауда орталықтары мен сауда орталықтарының демалыс күндері базарларды тоқтата тұру нәтижесі ретінде, қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарында 3,5 есе төмендегені анықталды. Жұмыс орны бойынша науқаспен байланыста болған кезде жұқтыруды 2%-ға, қоғамдық көлікте 1%-ға төмендету бойынша белгілі бір нәтижеге қол жеткізілді.
Барлық инфекциялық стационарларда 5 мың төсектік орын болса, 2 849 адам (107 бала) емделіп жатыр, оның ішінде халі аса ауыр – 45, ауыр түрде – 409, жағдайы орташа 2 395 пациент бар.
Ал вакциналау мәселесіне келетін болсақ, 1 ақпаннан сәуірге дейін вакцинаның 15 750 дозасы келіп түсті. 1 компонент бойынша 100% игерілді. Ревакцинация жүріп жатыр. Екінші компонент бойынша 3 810 адам қабылдады. Бүгін БМСК бойынша вакцинаның 4 транш бойынша 21 860 доза бөлінді.
АЛМАТЫ