• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 02 Сәуір, 2021

Қайырымды істерден қалыс қалған жоқ

164 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Қайырымды істер марафоны» жалпыұлттық жобасы Сыр бойындағы еріктілер қозғалысына ерекше серпін беріп отыр. Облыстағы «Волонтерлер фронт офисі» жетекшісі Болатбек Айтбенбетов жоба шеңберінде жүзеге асқан шара көп екендігін айтады.

Жастар ресурстық орталығының жанынан құрылған IT парк мамандары былтыр бұзылған компьютерлерді кәдеге жаратып, оқушыларға та­быстаған еді. Жыл басынан бері орталық еріктілері «ҚазГерМұнай» компаниясы ұсынған жарамды компьютерлерді әлеуметтік тұрмысы төмен 10 отбасына таратып берді.

Жақсылыққа жұмылған жастар 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесі қарсаңында да жұрт ал­­ғысын аларлық жақсы істің басынан табылды. Арнайы ұйым­дас­ты­рылған марафон аясында облыс орталығындағы 700 отбасына, қа­лаға қарасты кент және ауылдық округ­терде тұратын 300 үйге  азық-түлік жеткізіп берді. 

– Жалпы ұйымдастырылып жат­қан қайырымдылық шараларының бәрінде көптің үлесі бар. Жеке адамдардан бөлек түрлі қорлар мен мекемелер де қиналғанға қол ұшын созып, үлгілі үрдіс танытып отырғанын айта кетейік. Мысалы, «Халық» қайы­рымдылық қоры мүмкіндігі шек­теулі балалар тәрбиелеп отырған мың отбасына азық-түлікпен көмек көрсетті, – дейді Б.Айтбенбетов

Төрт жүзден астам шаңыраққа көмек қолын созған «Зекет» қорына да ризашылық танытқандар көп.

«Қайырымды істер марафоны» аясында жыл басынан бері Жас­тар орталығының ғимаратындағы әлеуметтік дүкен арқылы тұрмысы төмен 33 отбасына азық-түлік, тұр­мысқа қажетті заттар, үй жиhаздары таратылыпты.  Жақсы істерді ұйым­дастыратын жастар назарынан оқыс оқиға салдарынан қиындыққа тап болғандар жағдайы да тыс қалмайды. Биыл жыл басынан бері қала ма­ңа­йындағы саяжайларда өрт болып, аяқ астынан баспанасыз қалғандарға жұрт көмекке жұмылған еді.

Облыстық жастар орталығының бастамасымен еріктілер мен «Ел-Арай» қоғамдық қоры бірлесе отырып, өрттен зардап шеккен Ягодка, Сабалақ саяжайының тұрғындарына тұрмысқа қажетті тауарлар, киім-кешек, компьютер жиынтығы, мен ыдыс-аяқтар табыс етті.

 

Қызылорда облысы