• RUB:
    5.43
  • USD:
    477.03
  • EUR:
    521.44
Басты сайтқа өту
Президент 02 Сәуір, 2021

Президент «Самұрық-Қазынаның» жаңа басшысын қабылдады

264 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиевті қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа қордың жұмысы жайында есеп берілді. Сондай-ақ ірі инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға, «Самұрық-Қазына» компаниялар тобының әлеуметтік орнықтылығын және қаржылық  тұрақтылығын қамтамасыз етуге қатысты Президенттің бұған дейін берген тапсырмаларының орындалу барысы туралы баяндалды.

Алмасадам Сәтқалиев Мемлекет басшысына «жасыл экономиканы» дамытуға байланысты салынатын жаңа құрылыс нысандарының жоспары, қор активтерін жекешелендіру мәселесі жөнінде айтты.

Кездесу соңында Президент «Самұрық-Қазына» қорының стратегиялық дамуына қатысты бірқатар нақты тапсырма берді.