• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Елорда 02 Сәуір, 2021

Нұр-Сұлтандағы «Алатау» спорт сарайында өрт шықты

298 рет
көрсетілді

Нұр-Сұлтан қаласының Төтенше жағдайлар департаменті бүгін сағат 20:29-да «Алатау» спорт сарайынан өрт шыққаны туралы ақпаратпен бөлісті, деп хабарлайды Egemen.kz

«Бүгін сағат 20: 29-да Алматы ауданы, Тәуелсіздік даңғылы, 1/1 мекенжайында орналасқан «Алатау» спорт сарайының бесінші қабатында өрт тұтанғаны туралы хабарлама келіп түсті. Өрт 20 шаршы метр аумақты шарпыған. Кабинеттің төбесі түгел отқа оранған», дейді департаменттің баспасөз қызметіндегілер.

Ресми дерек бойынша, өрт сағат 20:57-де толық сөндірілген. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өртті сөндіруге жеке құрамнан 39 адам және 12 техника жұмылдырылған.

Соңғы жаңалықтар