Коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия ел аймақтарындағы эпидемиялық жағдайды бағалау матрицасын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Комиссия мәліметі бойынша бүгін Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары, Алматы, Ақтөбе, Атырау және Батыс Қазақстан облыстары «қызыл» аймақта орналасқан. Ал Шымкент қаласы және Ақмола мен Қарағанды облыстары «сары» аймақта тұр. Қалған өңірлер - «жасыл» аймақта.
Жалпы Қазақстан әлемдік эпидемиялық бағалау матрицасы бойынша «қызыл» аймақта тұр.