Тестілеудің барлық қатысушысы ҰБТ басталар алдында санитарлық-эпидемиологиялық нормаларға сәйкес дезинфекциядан өтеді. Тестілеуге кіргізу кезінде қатысушылардың аяқ киімдері мен қолдары арнайы құралдарымен тазартылады Бұл туралы Орталық коммункиациялар қызметінде өткен брифингте БҒМ жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры Әділет Тойбаев хабарлады, деп жазады Egemen.kz ОКҚ-ға сілтеме жасап.
«Тестіленушілерді кіргізу және аудиторияда отырғызу кезінде әлеуметтік қашықтық сақталады. Аудиториялар желдетіліп, дезинфекциялық құралдармен тазартылады. Барлық санитарлық талап қатаң сақталатын болады», деді Тойбаев.
Әрбір тестілеушінің әйнекпен қоршалған орны болады. Сондай-ақ, санитарлық нормаларға сәйкес ата-аналар мен мұғалімдерге ҰБТ өткізу пунктінің аумағында болуға тыйым салынады. Олар үшін аудиториядан education.kz сайтында бейнетрансляция қамтамасыз етіледі.