• RUB:
    4.75
  • USD:
    441.44
  • EUR:
    473.09
Басты сайтқа өту
Білім 05 Сәуір, 2021

Биыл ҰБТ-ға қанша қаражат жұмсалады

199 рет
көрсетілді

2021 жылы Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізуге 400 млн теңге жұмсалады. Бұл туралы ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығының директоры Дидар Смағұлов мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

 

«Жыл сайын Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізуде елеулі сомада үнемдеу болып жатыр. Егер өткен жылдарда ҰБТ-ны қағаз форматта өткізуге 1 млрд теңгеге тарта қаражат жұмсалса, ал биыл 600 млн теңгеден астам үнемдемекпіз. Жалпы, барша шығын сомасын 400 млн теңгемен жабамыз. Алдағы жылда бұл сома төмендетеледі. Өйткені биыл электронды форматқа ауысу үшін тиісті шығындар болды. Енді келесі жылы құрылған жүйеге қолдау жасау мен коммуникация төлемдері ғана қамтылады. Сондықтан 2022 жылы шығындар азаяды», деді Д. Смағұлов Орталық коммуникациялар қызметінде.