• RUB:
    4.75
  • USD:
    441.44
  • EUR:
    473.09
Басты сайтқа өту
Қоғам 05 Сәуір, 2021

Алматыда жедел жәрдем көлігі апатқа ұшырады

383 рет
көрсетілді

Әлеуметтік желіде жедел жәрдем көлігі мен жеңіл көліктің соқтығысып қалған видеосы тарады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі апаттың 5 сәуір күні Сейфуллин көшесі мен Райымбек батыр даңғылында болғанын растады.

«Hyundai H 350 автокөлігінің жүргізушісі Сейфулин даңғылымен оңтүстік бағытта келе жатып «ВАЗ 2115» автокөлігімен соқтығысты. Жол-көлік апаты салдарынан 1996 жылы туған «ВАЗ 2115» жүргізуші зардап шекті. Дәрігерлер тексергеннен кейін ол сол жерде қалды. Материалды Алмалы аудандық полиция басқармасы зерттеп жатыр», деді Алматы қалалық ПД тергеу басқармасының бастығы Олжас Шәріпов.