• RUB:
    5.53
  • USD:
    471.46
  • EUR:
    504.79
Басты сайтқа өту
Коронавирус 06 Сәуір, 2021

Қазақстанда «Антиковидтік паспорт» әзірленді

234 рет
көрсетілді

Қазақстанда вакцина алғандарды есепке алуға арналған «Антиковидтік паспорт» әзірленді. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Министрдің айтуынша, елімізде вакцина алған тұлғаларға мониторинг жүргізу және оларды есепке алу үшін «Антиковидтік паспорт» әзірленді.

«Ashyq жобасын маштабтау және қолданыстағы бизнес субъектілерінің жұмысын қамтамасыз ету әрі қызметтің тыйым салынған түрлерін іске қосу үшін оны «Антиковидтік паспортпен» интеграциялау жүргізіледі. Арнайы мониторинг топтары жұмысының тиімділігін арттыру үшін ұялы байланыс операторларының иесіз мәліметтері негізінде «Жылылық картасы» енгізіледі», деді А. Цой.