• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Кәсіпқой бокс 06 Сәуір, 2021

Геннадий Головкин «UFC-те» өнер көрсетеді

227 рет
көрсетілді

Matchroom Boxing Президенті Эдди Хирн өзінің промоушнінен UFС аралас жекпе-жегі сынды мықты және танымал бренд жасамақшы, деп хабарлайды Egemen.kz Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

– Біз – ғаламдық күшпіз. Ешкім біз жасап жатқан дүниеге қол сұқпайды, ғаламдық масштабта сонша қаражат төлемейді. Біз «бокcтегі UFC» болуды көздеп отырмыз – бұл тек уақыттың еншісінде, – деп мәлімдеді Хирн.

Еске сала кетейік, Эдди Хирн – Геннадий Головкиннің промоутері. Қазіргі кезде 38 жасар қазақстандық – IBF және IBO бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы. Головкинге тоқталар болсақ, оның шаршы алаңға қайтып оралу уақыты белгісіз.