Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Таяу Шығыстағы негізгі серіктестерінің бірі болып табылатын Иордан Хашимит Корольдігінде орын алған оқиғаны мұқият бақылауда, деп хабарлайды Egemen.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан Король Абдалла II Иордания халқының әл-ауқатын жақсартуға, аймақтық тұрақтылық пен әлемдік қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған саясатын қуаттайды.
Қазақстан Иордания басшылығының ішкі саяси тұрақтылықты сақтау жолында қабылдаған шараларын толық қолдайды.