• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Медицина 06 Сәуір, 2021

Айтылды-орындалды: Дәрігерлердің жалақысы өсті

4401 рет
көрсетілді

Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тағы бір міндеттің орындалғаны туралы жазды, деп хабарлайды Egemen.kz

Берік Уәли Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауынан үзінді келтіріп, сол міндеттің бүгінде іске асқанын дәлелдейтін ақпарат жариялады.

«Дәрігер мамандығын материалдық тұрғыдан да нығайта түсу маңызды болып отыр. Мұны біз қазіргі дағдарыс кезінде қолға алып жатырмыз, енді оны жүйелі түрде жүзеге асыруымыз керек. 2023 жылға қарай дәрігерлердің жалақысы экономикадағы орташа жалақыдан екі есе артық болады», деген болатын Президент өз Жолдауында. Берік Уәли жариялаған мәліметте 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап 247 мың медицина қызметкерінің жалақысы өскенін айтылған.

Нақтырақ айтқанда, дәрігерлердің жалақысы 246 мың теңгеден 320 мың теңгеге, орта деңгейдегі қызметкерлердің жалақысы 145 мың теңгеден 173 мың теңгеге дейін өскен.

2021-2023 жылдары Президент Жолдауындағы тапсырманы іске асыру үшін бюджеттен 1 141,5 млрд теңге бөлу қарастырылып отыр.