• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
ANTIKOR 07 Сәуір, 2021

Агенттік мыңнан астам кәсіпкердің мүддесін қорғады – А.Шпекбаев

133 рет
көрсетілді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы А.Шпекбаев Business Integrity Forum-ында сыбайлас жемқорлық қылмыстар санының азаюы туралы айтып берді. Оның айтуынша, соңғы үш жылда мұндай қылмыс түрі 11%-ға төмендеген. Мыңнан астам кәсіпкердің құқықтары мен мүдделері олардың қызметіне заңсыз араласудан қорғалған.

Оның айтуынша, Қылмыстық кодекске жауапкершілікті күшейтетін түзетулер енгізілді.

«Ағымдағы жылдан бастап құқық қорғау органдарының қызметкерлері кәсіпкерлердің жұмысына кедергі келтіргені үшін бұрынғы екі жылдың орнына 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін, ал кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысқаны үшін бір жылдың орнына екі жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Құқық қорғау органдарының басшылары мен судьяларға жоғарыда аталған құқық бұзушылықтар үшін тиісінше 8 жылға дейін және 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген», деді А.Шпекбаев.