• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Қазақстан 07 Сәуір, 2021

Елімізде 171 елді мекенді су басу қаупі бар

406 рет
көрсетілді

Су тасқынының өтуін және қауіп-қатерді азайтуды ескере отырып, оңтүстік өңірлерде (105 елді мекен) су тасқыны жағдайларына байланысты 43 мың адам тұратын 276 елді мекеннің 171-ін су басу қаупі әлі де бар (Батыс Қазақстан - 54, Қостанай – 37, Ақмола – 31, Ақтөбе – 17, Солтүстік Қазақстан – 13). Орталық коммуникациялар қызметінде баяндама жасаған ҚР ТЖМ Төтенше жағдайлардың алдын алу департаментінің бастығы Рустамбек Амриннің хабарлауынша, еліміздің оңтүстік өңірлерінің жазық аумағы мен өзендерінде қар және мұз болғандықтан, су тасқыны қаупі азайды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сонымен қатар, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл және Түркістан облыстарының тауларында қар сақталады, қардың жылдам еруі тау өзендерінде су тасқынына әкелуі мүмкін.

«7 сәуірдегі жағдай бойынша Ақмола, Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан және Жамбыл облыстарында, Нұр-Сұлтан қаласында су басу жағдайлары тіркелді. Соның салдарынан 15 елді мекенде көшелер мен аулаларды, 3 тұрғын үйді су басты, автомобиль жолдарында 6 рет су деңгейі көтерілді. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ»,  деп мәлімдеді ТЖМ.