• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 09 Сәуір, 2021

Аида Балаева азаматтарға жеке қабылдау өткізді

336 рет
көрсетілді

Бүгін Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева «Nur Otan» партиясының республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінде жеке қабылдауына жазылған азаматтарды қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Эпидемиялық жағдайға байланысты өтініш иелерін қабылдау бейне-конференц-байланысы арқылы онлайн режимінде өтті.

Іс-шара барысында 6 азамат қабылданды. Қабылдау барысында ойын бизнесін жарнамалауға, жастар саясатына және дін саласын реттеуге қатысты сұрақтарға жауап берілді.