• RUB:
    5.53
  • USD:
    474.57
  • EUR:
    513.63
Басты сайтқа өту
Саясат 09 Сәуір, 2021

Қазақстан-Ресей бірлескен демаркациялық комиссиясының отырысы өтті

220 рет
көрсетілді

5-9 сәуірде Мәскеуде Қазақстан-Ресей бірлескен демаркациялық комиссиясының жүз жетінші отырысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тараптар демаркациялаудың қорытынды құжаттарының жобаларын дайындау және бекіту жөніндегі жұмысты жалғастырды, мемлекеттік шекара сызығының жекелеген учаскелерін белгілеуге және осы жылы дала жұмыстарының басталуына байланысты мәселелерді талқылады.

Келіссөздер достық және сындарлы атмосферада өтті.

Комиссияның келесі отырысы 2021 жылғы сәуірде Қазақстан Республикасының аумағында өтеді.