Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Жоғарғы сотының судьясы қамауға алынды, деп хабарлайды Egemen.kz
«2021 жылдың 11 ақпаны күні Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің және Жоғарғы соттың Ішкі қуіпсіздік бөлімінің бірлескен шараларының нәтижесінде Жоғарғы сот судьясы Ж. пара алды деген күдікпен ұсталды. 2021 жылдың 9 ақпанында Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық соты оған қатысты 2 айға қамауға алу түрінде бұлтартпау шарасын санкциялады», деп мәлім етті елорданың ауданаралық тергеу соты Facebook-тегі парақшасында.