• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
Бокс 13 Сәуір, 2021

Бокстан жастардың әлем біріншілігі басталды

541 рет
көрсетілді

Бүгін Польшаның Кельц қаласында бокстан жастар арасындағы әлем біріншілігінің жалауы желбіреді. Айтулы додада Қазақстанның былғары қолғап шеберлері төмендегідей құрамда өнер көрсетеді:

Ұлдар: Санжар Тәшкінбай (49 кило, Нұр-Сұлтан), Кенже Мұратұлы (52 кило, Алматы облысы), Ерболат Сабыр (56 кило, Павлодар), Елнұр Сүйімбай (60 кило, Жамбыл), Сабыржан Ақхалықов (64 кило, Қарағанды), Нұржан Аманкелді (69 кило, Алматы облысы), Диас Молжігіт (75 кило, Жамбыл), Ерасыл Жақыпбеков (81 кило, Шығыс Қазақстан), Мәди Алтынбаев (91 кило, Алматы қаласы) және Аманат Сабырғали (+91 кило, Атырау).

Қыздар: Арайлым Марат (48 кило), Гүлнар Тұрапбай (51 кило), Айшагүл Елеубаева (54 кило), Назерке Серік (57 кило), Жұлдыз Шаяхметова (60 кило), Милана Аюпова (64 кило), Жасмин Қизатова (69 кило), Дана Дидай (75 кило), Әсел Сағатова (81 кило) және Елдана Тәліпова (+81 кило).

Естеріңізге сала кетейік, соңғы әлем біріншілігі осыдан үш жыл бұрын Мажарстанның бас шаһары – Будапештте өткен еді. Сол жарыста Қазақстан құрамасы 1 алтын, 4 күміс және 1 қола медальді иеленді. Атап айтсақ, Нұрбек Оралбай (75 кило) – алтын, Ермахан Жакпеков (69 кило), Сағындық Тоғамбай (81 кило), Айбек Оралбай (91 кило) және Дамир Тойбай (+91 кило) – күміс және Махмұд Сабырхан (49 кило) – қоланы еншіледі.