Алматыда өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстанның еркін күрес шеберлері қандай құрамда өнер көрсететіні белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Осы аптаның соңында өтетін айтулы додада Қазақ елі намысын мына балуандар қорғайды: 57 кило – Дәулет Теміржанов, 61 кило – Адлан Асқаров, 65 кило – Дәулет Ниязбеков, 70 кило – Талғат Сырбаз, 74 кило – Нұрғожа Қайпанов, 79 кило – Ғалымжан Өсербаев, 86 кило – Есқали Дәулетқазы, 92 кило – Эльхан Асадов, 97 кило – Әлішер Ерғали және 125 кило – Олег Болтин.