• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 14 Сәуір, 2021

Ауылдағы қызметкерлер үшін тұрғын үй салынады

399 рет
көрсетілді

Бүгінде ауылдық жерлерде тұрғын үй салу мәселесі қарастырылуда. Бұл  Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес ауылдағы қызметкерлер үшін тұрғын үй салу кезінде жұмыс беруші шығындарының 50%-ын субсидиялауды көздейді. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен брифингте ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев мәлімдеді.

«Ауылдағы жұмыс берушілер қандай мамандар керек екенін анықтап, оларға өз тарапынан үй салуға ниет білдіріп, жергілікті әкімдікке тізімді ұсынуларына болады. Өз кезегінде әкімдік оны министрлікке жолдайды. Ведомство жобаларды тексеріп, рұқсатын береді. Жұмыс беруші ауылдағы азаматтар үй салғаннан кейін біз оның 50 пайызын мемлекет тарапынан субсидиялап қайтарамыз», - деді спикер. 

Бұдан басқа, республиканың қолданыстағы тұрғын үй қорын жаңарту бойынша іс-шаралар жүргізілуде. 

2020 жылы 8 өңірде 249 тұрғын үй күрделі жөндеуден өтті. Биыл қосымша 473 тұрғын үйді жөндеуге 19,5 млрд теңге бөлу жоспарланып отыр.  Бұл жұмыстар жалғасын табады.