• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Коронавирус 14 Сәуір, 2021

Қазақстан екі апта бойы «қызыл аймақта» тұр

205 рет
көрсетілді

Эпидемиологиялық жағдай матрицасына сәйкес Қазақстан 14 күн бойы жоғары қауіп аймағында, яғни «қызыл аймақта» тұр. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сондай-ақ тәуекелі жоғары аймақта («қызыл аймақта») 8 өңір бар: Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары, Атырау, Батыс Қазақстан, Алматы, Ақмола, Қарағанды және Ақтөбе облыстары.

Бұл ретте Алматы және Нұр-Сұлтан қалалары қызыл аймақта бір айдан бері бар, Батыс Қазақстан облысы - 24 күн, Атырау облысы – 3 апта, Ақтөбе және Алматы қалалары – 2 апта, Ақмола – 9 күн, Қарағанды – 8 күн. Орташа тәуекел аймағына («сары аймаққа») өткен аптада 4 өңір ауысты, бүгінде 7 өңір сары аймақта: Шымкент қаласы, Солтүстік Қазақстан, Жамбыл, Маңғыстау, Қызылорда, Қостанай, Павлодар облыстары. «Жасыл аймақта» - Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстары.

«Ағымдағы жылдың сәуір айында эпидемиологиялық жағдайдың нашарлағаны байқалады. Сәуір айынан бастап 29 200 науқас тіркелді. Наурыздың сәйкес мерзімімен салыстырғанда сырқаттанғандар 2,8 есеге өскен, тәулігіне 2800 науқас тіркеледі. Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарын қоспағанда, барлық өңірлерде сырқаттанудың артқаны байқалады. Бұл ретте ел бойынша сырқаттанудың 60%-ы 3 өңірге – Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары мен Алматы облысына тиесілі»,  деді М.Шоранов