Бірыңғай байланыс орталығы 2021 жылдың басынан бері 700 мыңға жуық өтініш қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Қала тұрғындары денсаулық сақтау, қоғамдық көлік және коронавирус мәселелері жөнінде жиі жүгінеді.
iKOMEK109 құрылған сәттен бастап 5 миллионнан астам өтінішті өңдеді, оның ішінде 4,3 миллионы «бірінші қоңыраудан» шешілді.
iKOMEK109 бірыңғай байланыс орталығы бүгінде шұғыл емес сипаттағы қала тіршілігінің 2 500-ден астам проблемасын қамтиды. Жыл сайын 600 мыңнан астам тұрғын Бірыңғай байланыс орталығына жүгінеді.
Әрбір өтініш автоматты түрде тіркеліп, жауапты ұйымдардың атқаруына беріледі. iKOMEK қалалық орталығының мамандары өтініш толық атқарылғанша оның барысын бақылап отырады.