18 сәуірде Нұр-Сұлтанда қоғамдық көлік қозғалысы тоқтатылады, - деп хабарлайды Egemen.kz City Transportation Systems-ке сілтеме жасап.
«18 сәуір, жексенбіде Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитария дәрігерінің қаулысына сәйкес елордада қалалық және қала маңындағы қоғамдық көлік қозғалысы бір күнге тоқтатылады. Дезинфекция жұмыстары жүргізіледі», делінген хабарламада.
Қоғамдық көлікке бетпердесіз кіруге тыйым салынған. Жол ақысы тек онлайн қабылданады.