• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
16 Сәуір, 2021

Шымкентте төлем терминалынан ақша ұрламақ болған азамат ұсталды

290 рет
көрсетілді

Шымкентте азық-түлік дүкеніндегі «Касса 24» төлем терминалынан 38 мың теңге ақша ұрламақ болған азамат ұсталды деп хабарлайды Egemen.kz  polisia.kz-ке сілтеме жасап.

13-сәуірде Шымкент қаласындағы Полиция департаменті Еңбекші аудандық Полиция басқармасының «102» номеріне  қаңырау шалып, үйінің жанындағы азық-түлік дүкенінің есігін белгісіз біреу бұзып, «Касса24» төлем терминалынан ақша ұрламақ болғанын хабарлаған.

Шымкент қаласы Полиция департаментінің кинология қызмет орталығының «Грэй» қызмет итімен және Еңбекші аудандық Полиция басқармасы Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында  24 жастағы азаматты ұстады. Тексеру жұмыстары жүргізілуде.

 

Гаухар ҚАПАШ