• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 16 Сәуір, 2021

Шахрат Нұрышев: Ел азаматтары Түркі ұйымдарын абыроймен басқарып келеді

203 рет
көрсетілді

Біз түркі ұйымдарының жұмысын байыпты әрі нық қадамдармен жүзеге асыруға барынша күш жігерімізді салуымыз қажет. Бұл туралы «Түркістан – Түркі әлемінің рухани астанасы» халықаралық онлайн-конференциясында Сыртқы істер министрінің орынбасары Шахрат Нұрышев айтты, деп хабарлайды Egemen.kz

«Бұрын халықаралық аренада түркі әлемінің бытыраңқы болғаны өзгелер үшін қолайлы еді, алайда кейінгі жылдары бірлігі жарасқан түркі мемлекеттері мен түркі ұйымдары жаңа белестерді бағындырып жатыр», дейді Сыртқы істер министрінің орынбасары.

Сонымен бірге Шахрат Нұрышев түркі әлемінің аясындағы жан-жақты ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ерешке назар аударуымыз қажет екенін жеткізді. 

«Өйткені Қазақстан түркі әлемінің қара шаңырағы ретінде түркі интеграциясын одан әрі дамуын қолдайды. Қазіргі таңда түркі ынтымақтастығын тереңдетуге бағытталған бес халықаралық түркі ұйымының төртеуі, нақтырақ айтқанда, Қазақстанның бастамасымен Түркі кеңесі, ТҮРКСОЙ, ТүркПА, Түркі Академиясы құрылды», дейді Шахрат Нұрышев.

Осы тұста Сыртқы істер министрінің орынбасары қазіргі таңда соның үшеуіне Қазақстан азаматтары ротациялық негізде абыроймен басшылық етіп, түркі интеграциясына бар күшін салып қызмет етіп келе жатқанын алға тартады.

«Біз түркі сауда өнеркәсіп палатасымен халықаралық түркі ынтымақтатсық ұйымдарын үйлестіру комитетін құрдық. Түркі кеңесі өкілдігінің еуропаның қақ төрінде Будапеште ашылғанын жоғары бағалаймыз. Қазіргі кезде түркі инвестициялық-интеграциялық қорын құру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарға барынша қолдау көрсетуге дайынбыз», дейді Шахрат Нұрышев.