• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 17 Сәуір, 2021

Екі күнде 15 жасөспірімнің түн кезіп жүргені анықталды

416 рет
көрсетілді

Петропавл қаласында 14 сәуірден бері полицейлер «Түнгі қаладағы балалар» атты жедел-профилактикалық іс-шаралар өткізуде, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оның мақсаты– жастар көп жиналатын орындар, ойын-сауық мекемелері, қала көшелерінде кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің ертіп жүруінсіз қыдыруын қадағалау. «Балалардың заңды өкілдері ретінде тек ата-анасы немесе оларды алмастыратын тұлғалар болуы мүмкін. Басқа жағдайда жасөспірімнің ата-анасын және дәмхана иесін жауапқа тартуға тура келеді. Іс-шараның екі күнінде кәмелетке толмағандардың сағат 22-ден кейін ойын-сауық орындарында және сағат 23-тен кейін тұрғынжайдан тыс жүрулерінің 15 фактісі анықталды. Кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу және асырау бойынша міндеттерін атқармағаны үшін 7 заңды өкіл жауапқа тартылды»,  деп атап өтті Петропавл қаласы Полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары, полиция подполковнигі Әлібек Ғабдуллин.

Сонымен қатар полиция тұрғылықты жері бойынша тұрмысы қолайсыз 56 отбасыны, есепте тұрған 40 жасөспірімді тексерді. Кейде жасөспірімдер құқықтық сауатсыздықтан кейбір әрекеттеріне қатысты жауапкершілік көзделгенін түсінбегендіктен, құқық бұзушылыққа жол беріп жатады. Тәртіп сақшылары бұл мәселелерді шешу үшін қылмыстық әрекеттерден сақтану жолдары туралы кеңестер берді.