Петропавлдың Ғабит Мүсірепов көшесіндегі темір жол өткелінде «ТГК-2» поезы «Citroën C4» жеңіл автокөлігін соқты.
Жол апатының болу себебі - жеңіл көліктің 51 жастағы жүргізушісі «Тоқта» жол белгісіне тоқтамағандығынан екені анықталды. Абырой болғанда зардап шеккендер жоқ. Тек «Citroën C4» машинасының жүргізушісі 20 АЕК көлемінде айыппұл төлеуі немесе алты айға көлік жүргізу құқынан айрылуы мүмкін. Оны енді сот шешеді.