• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Аймақтар 18 Сәуір, 2021

Алматыда тәулігіне індет жұқтырғандар саны 700-ге жақындады

162 рет
көрсетілді

Соңғы ақпараттарға сәйкес, Алматыда 2021 жылдың 17 сәуір күні жағдай бойынша коронавирустық инфекцияның 677 жаңа жағдайы тіркелді, оның 577-і симптомдық белгілері бар және 120 симптомсыз сырқаттар, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бір тәулік ішінде ауруханаларға 392 науқас қабылданды, барлық стационардан кешелі бері 198 науқас емделіп шықты.

Барлық инфекциялық стационарларда (6 060 төсек-орын) 3 868 адам (101 бала) емделіп жатыр, оның ішінде ересектер арасында жағдайы аса ауыр – 883, ауырлығы орташа дәрежеде – 2 983 адам бар. Реанимация және қарқынды терапия бөлімшелерінде 258 (бос  төсек-орын саны – 192) пациент жатыр. 6 328 науқас амбулаториялық бақылауда, оның ішінде 5 522 науқаста жеңіл және орташа дәрежедегі симптомдық белгілері бар..

Алматы қаласында соңғы бір тәулікте 5 335 адам вакцина алды. Бүгінгі таңда  203 вакцинация пункті жұмыс істейді, 406 вакцинация бригадасында 1 809 медицина қызметкері жұмылдырылды.