21 мамырда Латвияның астанасы – Ригада шайбалы хоккейден әлем чемпионаты басталатыны белгілі. 6 маусымға дейін созылатын жарыста 16 команда өнер көрсетеді.
Дүбірлі дода қарсаңында Қазақстан құрамасы оқу-жаттығу жиынын ұйымдастыруды құп көріп, команда сапына мына ойыншылар шақырылды:
Қақпашылар – Хенрик Карлссон («Барыс»), Никита Бояркин («Сарыарка»), Демид Еремеев («Темиртау») және Андрей Шутов («Торпедо»). Қорғаушылар –Джесси Блэкер, Самат Данияр, Даррен Диц, Алексей Маклюков, Леонид Метальников, Валерий Орехов, Егор Шалапов, Виктор Сведберг («Барыс»), Әділ Бекетаев («Торпедо»), Кирилл Полохов («Тамбов»), Дмитрий Степанов («Ақтөбе»).
Шаубылшылар – Павел Акользин, Әлихан Әсетов, Дмитрий Гурков, Никита Михайлис, Кирилл Панюков, Егор Петухов, Антон Сагадеев, Дмитрий Шевченко, Аркадий Шестаков, Роман Старченко, Кёртис Волк («Барыс»), Саян Данияр («Номад»), Дмитрий Гренц, Кирилл Савицкий, Александр Шин, Артём Лихотников («Торпедо»), Александр Борисевич, Владислав Никулин («Сарыарқа»), Евгений Рымарев («Югра») және Найджел Доус («Ақ Барс»).
Балтық жағалауында Қазақстаннан бөлек, АҚШ, Канада, Ресей, Беларусь, Ұлыбритания, Дания, Германия, Чехия, Словакия, Финляндия, Италия, Латвия, Норвегия және Швейцария құрамалары өнер көрсетеді.