Қазақстан Республикасының Көліктегі Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына байланысты «қызыл аймақта» орналасқан темір жол вокзалдарына күтіп алушы және шығарып салушы адамдардың кіруі шектелген.
«Сондықтан біз жолаушылардан сапарларын алдын ала жоспарлап, әр өңірдегі санитарлық-эпидемиялық жағдайды нақтылауды сұраймыз. Коронавирус пандемиясы мен жағдай туралы барлық ақпаратты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің жедел желі телефоны-1406 және сайттан білуге болады: https://www.coronavirus2020.kz/. Жолаушылардан темір жол вокзалдары аумағында және жолда бүркемелеу режімін сақтауды сұраймыз. Егер сізде қандай да бір сұрақтар туындаса, вокзал бойынша кезекшіге және вагон жолсерігіне хабарласыңыз», дейді «ҚТЖ» ҰК» АҚ баспасөз қызметі.