• RUB:
    4.81
  • USD:
    498.51
  • EUR:
    522.84
Басты сайтқа өту
Бокс 19 Сәуір, 2021

Төрт боксшы ширек финалға шықты

238 рет
көрсетілді

Польшада өтіп жатқан бокстан жас­тар арасындағы әлем чемпионатының бесінші жарыс күні өз мәресіне жетті.

Ерлер арасындағы бәсекелерде Санжар Ташкенбай (49 кг) неміс спортшысын бет қаратпай жеңіп, келесі айналымға өтті. 56 килодағы Ерболат Сабыр екі раунд ішінде латвиялық Матвейс Прокудинсті төрт рет нокдаунға жіберіп, ширек финалға шықса, 91 килоға дейінгі салмақта Мәди Әміров иорданиялық қарсыласын мерзімінен бұрын жеңді.

Сонымен қатар Сабыржан Аққалықов (64 кг) та ширек финалда өнер көрсетеді. Бесінші жарыс күнінің қорытындысы бойынша ерлер арасындағы 52, 69, 81 және 91 килодан жоғары салмақтағы боксшылар жарыс жолынан шығып қалды.