Ресейдің «Анжи» клубында ойнайтын хорватиялық жартылай қорғаушы Иво Иличевич Алматының «Қайрат» командасына ауысуы мүмкін. Бұл туралы vesti.kz хабарлайды.
Мәліметтер бойынша, жақын күндері медициналық тексерістен өтіп, келісімшартқа қол қояды.
Айта кетейік, осы маусымда хорватиялық жартылай қорғаушы «Анжи» сапында Ресей премьер-лигасының 14 кездесуіне қатысып, 3 голдың авторы атанған. Команда басшылығы ауысқаннан кейін бұл ойыншыны трансферге шығару жөнінде шешім қабылдаған.