«Қазгидромет» синоптиктері 20-22 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Скандинавия түбегінен келген антициклон елдің солтүстігінде ауа температурасының төмендеуіне себеп болуда.
«Енді оңтүстік өңірлерде жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын, сонымен қатар кей жерлерде 3 градусқа дейін аяз болады», делінген хабарламада.
Айта кетейік, бұған дейін синоптиктер 20-21 сәуірден бастап Алматыда скандинавия түбегінен суық арктикалық ауа келетінін айтқан болатын. Осыған байланысты түнде ауа 5 градусқа дейін төмендеп, аяз болуы мүмкін. Күндізгі уақытта әдеттегідей күн жылы болады.
Гаухар ҚАПАШ