Ұлыбританияда күйеуі тоңазытқышта сақталған чипcтерді кездейсоқ ерітіп алған әйелін өлтіріп, денесін бөлшектеп тастады, деп хабарлайды Egemen.kz Daily Mirror басылымына сілтеме жасап.
Қылмыс өткен жылдың 23 мамырында Стокпортта жасалған. 49 жастағы Томас Макканн 46 жастағы әйелі Ивонмен жанжалдасқан.
Ерлі-зайыптылардың ұлы ата-аналарын татуластырмақ болып, оларды отбасылық жиынға шақырған. Алайда Томас ниет білдіргенмен, әйелі татуласудан бас тартқан.
Нәтижесінде, бес сағаттан кейін күйеуі жиынға жалғыз барған. Кейін белгілі болғандай, осы уақыт аралығында ол әйелін өлтіріп, денесін бөлшектеп, жергілікті саябақта қоқыс салынған пакеттерге жасырған. Содан кейін күйеуі қасақана әйелінің атынан достары мен туыстарына хабарламалар жолдаған. Тіпті өз телефонынан әйелінен кешірім сұрап, sms жолдаған.
Екі күннен кейін әйел денесінің бөліктері салынған бумалар табылып, Ивоннаны өлтірді деген күдікпен күйеуі бірден қамауға алынған. Томас өз қылмысын мойындады.
Айта кетейік, ерлі-зайыптылар 24 жыл бір шаңырақ астында тұрған.