• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
20 Сәуір, 2021

Әкімдіктің бұрынғы қызметкері әйелін пышақтап өлтірді

472 рет
көрсетілді

Күдікті Орал қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімінде 1 айдан аса уақыт жұмыс істеген, деп хабарлайды Egemen.kz.

19-сәуір күні Орал қаласындағы темір-бетон конструкцияларын шығаратын зауыттың маңайынан пышақ жарақатын алған 30 жастағы әйел табылып, полиция қызметкерлері оны көпсалалы ауруханаға жеткізгенде дәрігерлер әйелдің жантапсырғанын айтқан.

Сол күні 17:00 шамасында күдікті ретінде марқұмның 30 жастағы күйеуі ұсталған.

«Мой город» порталының хабарлауынша, күдікті қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық бөлімінде жұмыс істеген.

«Мен еңбек демалысынан бүгін ғана шықтым. Таңертең жұмыс бабымен оған хабарластым. Сөйтсем, ол жұмыстан шығып кетіпті. Жұма күні кетіп қалған», деді қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Жандос Дүйсенғалиев.

Бөлім басшысының айтуынша, ер адам әкімдікте 1 айдан аса уақыт жұмыс істеген. Ұжымда сабырлы, жұмысына жауапты болған. Шылым шекпеген, араққа әуестігі де болмағае. Волейбол құрамасы қатарына кіріп, жақында жарысқа да қатысқан.

Қазір аталған қылмыстық іс бойынша тергеу жүргізіліп жатыр, егер қылмысы дәлелденсе күдікті «Адам өлтіру бабы бойынша» бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Гаухар ҚАПАШ