Бауырлас қырғыз халқының көрнекті классик жазушы Шыңғыс Айтматовтың жары Мария Айтматова бақилық болды. Бұл туралы Egemen.kz Кабар агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
«Ұлы жазушы Шыңғыс Төреқұлұлы Айтматовтың зайыбы Мария Урматқызы Айтматованың өмірден озуын байланысты отбасына қайғырып көңіл айтамын», деп жазды «Шыңғыс Айтматов атындағы Ыстықкөл форумы» қорының вице-президенті Ассоль Молдокматова желідегі парақшасында.