• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қазақстан 20 Сәуір, 2021

2025 жылға қарай 246 ауылға газ тартылады

222 рет
көрсетілді

Энергетика министрі Н. Ноғаевтың айтуынша 2021 жылғы 1 қаңтардағы жағдайға сәйкес елді газдандыру деңгейі 53,07% құраған. Еліміздегі 6 162 елді мекеннің 1 468-і (24%) газдандырылған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бүгінгі таңда еліміздің 18 532 мың халық санынан 9 836 мың адам табиғи газға қол жеткізді, соның ішінде 4 млн адам – ауылдық елді мекен тұрғындары.

Газдандыру деңгейі 90%-дан асатын неғұрлым газдандырылған өңірлер: Атырау облысы – 99,6%, Маңғыстау облысы – 99%, Алматы қаласы – 98,8%, Батыс Қазақстан облысы – 96,5%, Шымкент қаласы – 92,1% және Ақтөбе облысы – 90,1%.

Қазіргі уақытта республика өңірлерін одан әрі газдандыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

«Қолданыстағы және перспективалы газдандыру жобалары бойынша талдау жүргізе отырып, ауылдық елді мекендерді газдандырудың болжамды жоспары жасалды, оған сәйкес 2025 жылға қарай қосымша шамамен 246 ауылдық елді мекенді немесе 900 мың адамды газдандыру күтілуде»,  деді Н. Ноғаев.

Министрдің айтуынша, оның ішінде 2021 жылы – 52 ауылдық елді мекен немесе 389 мың адам, 2022 жылы – 49 ауылдық елді мекен, 2023 жылы – 76 ауылдық елді мекен, 2024 жылы – 31 ауылдық елді мекен және 2025 жылы – 43 ауылдық елді мекен газдандырылады.

Газдандырудың жедел қарқыны және қаржыландырудың мәлімделген сомаларын қолдау Энергетика министрлігінің елді мекендерді газдандыру Жол картасында белгіленген көрсеткіштерге жоспарлы түрде қол жеткізуге, яғни 2025 жылға қарай еліміздің 1 718 елді мекенін, соның ішінде 1 674 ауылдық елді мекенді газдандыруға мүмкіндік береді. Соның нәтижесінде 11,05 млн адам, оның ішінде ауылдық елді мекендерде тұратын 4,9 млн адам көгілдір отынға қол жеткізеді.

«Бұл мәселе министрліктің тұрақты бақылауында», деді Н. Ноғаев.